«Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 649 бұйрығы

 «Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы
Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2022 жылғы 22 қарашадағы № 649 бұйрығы

 

БҰЙЫРАМЫН:

1. «Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрінің 2020 жылғы 29 қыркүйектегі № 501 бұйрығына (нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 21333 болып тіркелген) мынадай өзгерістер енгізілсін:

көрсетілген бұйрықпен бекітілген Әуежайдың аумағында әуежай қызметіне жатпайтын қызметтер көрсетуге қол жеткізу қағидаларында:

3-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«3. Конкурстың мәні:

әуежай пайдаланушысының қоғамдық тамақтану объектiлеріне арналған және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларға 1 (бір) шаршы метрден басталатын алаңдары;

әуежай пайдаланушысының қоғамдық тамақтандыру объектілеріне және тамақ өнімдерін сатудың автоматтандырылған құрылғыларына арналмаған 15 (он бес) шаршы метрден басталатын алаңдары болып табылады.»;

13-тармақ мынадай редакцияда жазылсын:

«13. Конкурсқа қатысу үшін әлеуетті өнім беруші осы Қағидаларға қосымшаға сәйкес нысан бойынша өтінім береді.

Өтінімге мынадай құжаттар (ақпарат) қоса беріледі:

1) меншігінде немесе жалға алу шарттарында талап етілетін материалдық және материалдық емес активтерді (егер мұндай қызметтер көрсету жөніндегі жұмыстардың технологиясына сәйкес талап етілсе), қызметтерді ұсыну үшін технологиялық құжаттарды көрсете отырып, техникалық ерекшелік;

Для того, чтобы получить доступ к документу, Вам нужно перейти по кнопке Войти и ввести логин и пароль.
Если у вас нет логина и пароля, зарегистрируйтесь.